Қаражанбас мұнай кенішінде әйелдер шеруге шықты

0
615

Әйелдердің сөзінше, 3 адам істейтін жұмыс жүктемесін 2 адам атқарып отыр.


 Қаражанбас мұнай кенішінде әйелдер шеруге шықты

ERNUR.KZ. Әлеуметтік жағдайды жақсартуды талап еткен жұмысшы-әйелдер Caspian food компаниясы жалақыны 2 есе жоғарылатуға тиіс екенін алға тартты, деп жазады inbusiness.kz.

Шеруге қатысушылардың пікірінше, компания жұмысшыларды тегін сүт өнімімен қамтамасыз етуге және ПТР-тестен тегін өткізуге міндетті. Бұған қоса компанияда жұмыс істейтін аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуі керек. Әйелдердің сөзінше, 3 адам істейтін жұмыс жүктемесін 2 адам атқарып отыр.

Атап көрсетерлігі, компания басшылары әйелдермен келіссөз жүргізуге құлық танытпады. Бұл міндетті кадр бөлімінің мамандары атқарды. Олар нақты ештеңе шешкен жоқ. Тек талап-арызды қағазға түсіріп, басшыларға жеткізетіндерін айтты.