Кәрім Мәсімов сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді

0
760

К. Мәсімов 18 жылға сотталған еді.


Кәрім Мәсімов сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов шығарылған үкімге қатысты апелляциялық шағым түсірді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 24 сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке және оның орынбасарлары А.Садықұловқа, Д.Ерғожинге, М.Осиповке қатысты қылмыстық іс бойынша үкімін жария етті.

К. Мәсімов 18 жылға сотталған еді.

«Апелляциялық шағым түсірілді, бірақ іс апелляциялық сотқа әлі келіп түскен жоқ. Атап айтқанда, іс «аса құпия» белгісімен қаралғандықтан, басқа мәліметтер жария етуге жатпайды», - делінген қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметінде.

Айта кетейік, ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімовке қаңтар оқиғасы бойынша айып тағылған болатын. Бас прокурор Берік Асылов атап өткендей, тәртіпсіздіктер кезінде Мәсімовтің тапсырмасы бойынша ҰҚК департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орындарын тастап кеткен.

Тергеу «аса құпия» белгісімен жүргізілді.