Кәрім Мәсімовтің інісі аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталып жатыр

0
462

22 желтоқсанында облыс прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.


Кәрім Мәсімовтің інісі аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталып жатыр

ERNUR.KZ. Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты тергеу ісі аяқталды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Н. Мәсімовке, оның орынбасары Д.Сиразидимовке және кәсіпкер Е. Евковичке қатысты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Мәсімов пен Сиразидимов мемлекеттік сатып алуды өткізу және үлестес компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде қамқорлығы үшін 90,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталуда», - делінген Агенттік хабарламасында.

Сондай-ақ олар арттехқару-жарақ сатып алуға арналған 420 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде.

22 желтоқсанында облыс прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.

Еске салсақ, қаңтар оқиғасынан кейін Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды.

Кейінірек оған іздеу жарияланып, ол туралы қандай да бір ақпарат берген адамған 12 млн теңге сыйақы берілетіні мәлім болды. Шілде айында Нұрлан Мәсімов Ресеймен шекарадан жалған құжат арқылы өтпек болған кезде ұсталды.