Кәрім Мәсімовтің үстінен тағы да жаңа қылмыстық істер қозғалды

0
502

Кәрім Мәсімов пен оның экс-орынбасарлары терроризмді қаржыландырғандардың тізіміне енді.


Кәрім Мәсімовтің үстінен тағы да жаңа қылмыстық істер қозғалды

ERNUR.KZ. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің үстінен жаңа қылмыстық істер қозғалды, деп жазады zakon.kz.

"ҰҚК К.Мәсімовке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 208 – "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру және 366 – "Пара алу" баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастырып жатқанын хабарлаймыз", – делінген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2023 жылғы 14 қарашадағы сауалға берген жауабында.

Сондықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 92-бабының 3-бөлігіне сәйкес, сотталған Кәрім Мәсімов прокуратураның санкциясымен бірқатар тергеу амалдарын жүргізу үшін Астана қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

2022 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

2022 жылғы 25 тамыз күні ҰҚК Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Мәсімовтің және Садықұловтың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) сараланды.

2022 жылғы 7 қараша күні Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істі зерделеу нәтижесі бойынша тергеу органының айыптау актісін бекітіп, іс сотқа кетті.

2024 жылғы 24 сәуір күні Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шықты. Сот шешімімен К. Мәсімов ҚК-нің 175-бабының 1-тармағы, 179-бабының 3-тармағы, 362-бабының 4-тармағы, 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, оған 18 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

2023 жылы 16 маусымда Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сатысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары Садықұлов, Ерғожинге қатысты жазаны өтеу мекемесін жоғары қауіптіліктен орташаға ауыстырды.

Кәрім Мәсімов пен оның экс-орынбасарлары терроризмді қаржыландырғандардың тізіміне енді.