Қару өткізіп, 300 мың теңгеге дейін қаржы табуға болады

0
432

Биыл бұл акция 20 сәуірде басталды.


Қару өткізіп, 300 мың теңгеге дейін қаржы табуға болады

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі өз еркімен полицияға қару-жарақ тапсырғандар туралы айтты, деп жазады baq.kz.

Биыл бұл акция 20 сәуірде басталды. Акция аясында мемлекет ел тұрғындарынан заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алу үшін 95 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Азаматтар полиция органдарына өз еріктерімен 1 381 атыс қаруын, иір ойықты мылтыққа арналған 57 292 оқ, сонымен қатар 11 жарылғыш құрылғы және 15 келі жарылғыш зат тапсырды. Олардың жалпы құны 91 млн 467 мың теңгені құрайды, - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Асылбек Ыдырысов.

Оның айтуынша, азаматтар өткізген қару-жараққа төленетін сома 30 мыңнан 300 мың теңгеге дейін болады.

Мысалы, азамат тапсырылған автоматты мылтықтың әрбір бірлігі үшін 290 мың теңгеге дейін ала алады. Бұл соманың жартысы мылтық пен карабин үшін төленеді. Тапанша мен револьвер үшін төлем 100 мың теңгеге дейін беріледі. Тегіс ұңғылы мылтықтардың әрбір бірлігі 90 мың теңгеге дейін бағаланады, - дейді Асылбек Ыдырысов.

Қолдан жасалған оқ-дәрі, сондай-ақ тегіс ұңғылы, газ және травматикалық қаруға арналған патрондар үшін өтемақы төленбейді.