Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметкерлердің мүлкі бар үздік 5 елді атады: Көп нысан Ресейде болып шықты

0
259

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың 2203 қызметкердің шетелдік жылжымайтын мүлкі бар.


Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметкерлердің мүлкі бар үздік 5 елді атады: Көп нысан Ресейде болып шықты

ERNUR.KZ. Қазақстандық шенеуніктерге тиесілі жылжымайтын мүлік көлемі Ресейде ең көп болып шықты, деп жазады stan.kz.

Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары шетелде 2877 үй, пәтер, жер учаскелері мен коммерциялық үй-жай алғанын мәлімдеді. Оның 77%-ы Ресейде сатып алынған.

Министрліктің мәліметінше, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың 2203 қызметкердің шетелдік жылжымайтын мүлкі бар. Жалпы алғанда 2646 үй мен пәтер, 217 жер телімі және 14 коммерциялық үй-жай бар.

Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлердің ең көп жылжымайтын мүлкі:

  • Ресей – 2218 жылжымайтын мүлік;
  • Түркия – 185 нысан;
  • Қырғызстан – 45 нысан;
  • Болгария – 44 нысан;
  • Біріккен Араб Әмірліктері – 42 нысан.

Алайда меншіктердің құны, сондай-ақ олардың иелерінің жұмыс орны мен лауазымы белгісіз. Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, бұл ақпарат декларацияны толтыру кезінде көрсетілмеген.

Жыл басында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері шетелдік банктердегі есепшоттарындағы 100 миллиард теңгеден астам қаржыны декларациялағаны хабарланған. Олардың көпшілігі Ресейде, АҚШ-та және Францияда ашылған.