Қаржы пирамидасын басқарған күдікті Түркиядан Қазақстанға жеткізілді

0
90

Күдіктінің заңсыз әрекеті салдарынан қаржы пирамидасына салымшылардың 160 млн теңгеден астам қаражаты тартылған.


Қаржы пирамидасын басқарған күдікті Түркиядан Қазақстанға жеткізілді

ЖИ/ Ulysmedia

ERNUR.KZ. «The Finiko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған күдікті Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп жазады ulysmedia.kz.

ҚМА мәліметінше, күдікті 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Оны елге прокуратура органдарының үйлестіруімен Интерполдың Ұлттық орталық бюросы бірлесіп қайтарған.

Тергеу барысында «The Finiko» нақты кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызметпен айналыспағаны анықталған. Құрылым бұрын тартылған қатысушыларға төлемді жаңа салымшылардан түскен қаражат есебінен жүргізген. Осылайша табыс түсіп жатқандай әсер қалыптастырып, азаматтардан жаңа қаражат тартуға мүмкіндік алған.

Күдіктінің заңсыз әрекеті салдарынан қаржы пирамидасына салымшылардың 160 млн теңгеден астам қаражаты тартылған.

Сонымен қатар сотқа дейінгі тәркілеу аясында күдіктіге тиесілі құны 221 млн теңге болатын жер телімі мемлекет кірісіне алынды.

Бұған дейін

Осы қылмыстық іс бойынша үш адам сотталып, олардың мүлкі тәркіленген. Олар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Істің өзге мән-жайлары Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.