Қаржы пирамидасын құрды деген қазақстандық күдікті Испаниядан экстрадицияланды

0
1 165

Бұл топ 800-ден астам адамды алдап, 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірген.


Қаржы пирамидасын құрды деген қазақстандық күдікті Испаниядан экстрадицияланды

ERNUR.KZ. Қаржы пирамидасын құрған тағы бір күдікті Испаниядан экстрадицияланды, деп жазады sputnik.kz.

Экстрадицияланған адам қаржы пирамидасының қызметіне байланысты трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысқан деген күдікке ілінген.
"Ол 2016-2017 жылдар аралығында заңсыз материалдық пайда көру мақсатында басқа елдердегі адамдар тобымен "Questra Holding" компаниясын құрды деген күдікке ілінген. Қылмыскерлер қаржы пирамидасын әр түрлі елдердің аумағында кедергісіз тарату мақсатында интернет желілерде салымшыларды көбірек тарту үшін компанияның ойдан шығарылған инвестициялық портфельдерін сату туралы ақпарат орналастырылған веб-сайттар ашқан", - дейді ведомстводағылар.
Бұл топ 800-ден астам адамды алдап, 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірген. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланған. Испания Корлольдігінен экстардицияланған күдікті қазір Астанадағы тергеу изоляторында отыр.