Қаржы пирамидасын құрғаны және жарнамалағаны үшін жаза күшейеді – президент заңға қол қойды

0
1 574

Заңның негізгі мақсаты – қолданыстағы заңнама нормаларын қаржылық алаяқтықпен күресудегі заманауи сын-қатерлер талаптарына сәйкес келтіру.


Қаржы пирамидасын құрғаны және жарнамалағаны үшін жаза күшейеді – президент заңға қол қойды

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы (инвестициялық) пирамидалары қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп жазады zakon.kz.

Заңның негізгі мақсаты – қолданыстағы заңнама нормаларын қаржылық алаяқтықпен күресудегі заманауи сын-қатерлер талаптарына сәйкес келтіру.

Атап айтқанда, қаржы пирамидаларын жарнамалауды қылмыстық жауапкершілікке тарту арқылы бастапқы кезеңде қылмыстардың жолын кесу, сонымен қатар оларды құру мен басқару жауапкершілігін күшейту.

Сонымен қатар заңда екі кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Негізгі мақсаттар:

  • қаржы (инвестициялық) пирамидасының схемаларын құру және басқару үшін жазаны күшейту;
  • қаржы (инвестициялық) пирамидасының схемаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеу;
  • қаржы (инвестициялық) пирамидасының схемаларын жарнамалаудың юрисдикциясын анықтау.

Заңның қабылдануы азаматтарды заңсыз қаржы және инвестициялық жобаларға қатысудан қорғауды күшейтетіні, қаржы (инвестициялық) пирамидаларын құру мен жарнамалауға байланысты құқық бұзушылық субъектілерінің жауапкершілігін арттыратыны атап өтілген.

Сонымен қатар мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржы (инвестициялық) пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Екі заңның мақсаты – қаржы (инвестициялық) пирамидасының схемаларын жасағаны үшін жауапкершілікті қатайту, сонымен қатар оларды жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу арқылы азаматтардың құқықын қорғау тетіктерін жетілдіру.