Қашықтан оқыған оқушылар ТЖБ-ны мектепте тапсырады

0
431

Мектептерге музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері сынды пәндерді қашықтан өткізу мүмкіндігі беріледі.


Қашықтан оқыған оқушылар ТЖБ-ны мектепте тапсырады

ERNUR.KZ. Жаңа оқу жылында 7 485 мектеп 3,6 млн баланы қабылдайды. 380 мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова осылай мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Шолпан Каринованың баяндауынша, мектептерге музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері сынды пәндерді қашықтан өткізу мүмкіндігі беріледі.

«Орын тапшылығына байланысты 300-ден аса мектепте жағдай қиынырақ болуы мүмкін. Мұндай мектептерде оқушылардың 19%-ы немесе 680 мыңға жуық бала оқиды. Бұл мектептер қосымша шаралар арқылы, оның ішінде кейбір пәндерді қашықтан оқи отырып, икемді кесте бойынша штаттық түрде жұмыс істейді», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, ата-аналардың өтініші бойынша созылмалы ауруы бар балаларға медициналық ұйымның анықтамасы негізінде қашықтан оқыту ұсынылды.

«Қашықтан оқыған оқушылар оқулықпен, оқыту контенті бар ақпараттық жүйемен, электронды журналмен қамтылады. Тоқсандық жиынтық бағалауды мектепте тапсырады», – деді Шолпан Каринова.