"Кәсібі бойынша үздік" атағы бар медицина қызметкерлеріне 500 АЕК көлімінде сыйақы төленеді

0
267

Жоба "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.


ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі "кәсібі бойынша үздік" атағын беру қағидаларының жобасын әзірледі, деп жазады zakon.kz.

Жоба аясында, бұл атақ денсаулық сақтау саласындағы үздік жетістіктері үшін медицина қызметкерлеріне оларды ынталандыру және қолдау мақсатында беріледі.

Медициналық қызметкерлеріне атақтар келесі номинациялар бойынша беріледі:

  • "Үздік стационар дәрігері",
  • "Үздік алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігері",
  • "Үздік жедел жәрдем дәрігері",
  • "Үздік ауыл дәрігері",
  • "Үздік провизор",
  • "Үздік денсаулық сақтау менеджері",
  • "Үздік медициналық жоғары оқу орны оқытушысы",
  • "Үздік санитарлық-эпидемиологиялық бейіндегі дәрігер",
  • "Үздік санитарлық-эпидемиологиялық сараптама маманы",
  • "Үздік денсаулық сақтаудағы әлеуметтік қызметкер",
  • "Үздік медицина колледжі оқытушысы",
  • "Үздік денсаулық сақтаудағы ғалым",
  • "Үздік стационар мейіргері",
  • "Үздік алғашқы медициналық-санитарлық көмек мейіргері",
  • "Үздік ауыл мейіргері",
  • "Үздік акушер",
  • "Үздік фельдшер".

Медициналық қызметкерге сол номинациядағы атақ он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.

Атақ беру жөніндегі конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының азаматтары штаттық қызметкерлер болып табылатын және құжаттарды ұсыну сәтінде үздіксіз өтілі бар денсаулық сақтау ұйымдары мен денсаулық сақтау білім беру ұйымдарының медициналық және фармацевтикалық қызметкерлері жіберіледі.

"Кәсібі бойынша үздік" атағын беру конкурсына құжаттарды тапсыру сәтінде мынадай талаптарға сәйкес келетін қызметкерлер қатыса алады:

  • кемінде 10 жыл практикалық жұмыс өтілі бар дәрігерлер, фельдшерлер, акушерлер, мейіргерлер;
  • кемінде 10 жыл практикалық жұмыс өтілі бар денсаулық сақтаудағы әлеуметтік қызметкерлер;
  • кемінде 7 жыл практикалық жұмыс өтілі бар менеджерлер, провизорлар;
  • практикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі дәрігерлері мен мамандары;
  • педагогикалық/ғылыми жұмыс өтілі кемінде 7 жыл медициналық жоғары оқу орындарының, ҒЗИ, ҒО және колледждердің оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері.

Конкурс жыл сайын екі кезеңде – өңірлік және республикалық кезеңдерде өткізіледі.

Конкурстың I кезеңі – өңірлік, жыл сайын мамыр айында өткізіледі, онда конкурстық комиссия ІІ кезеңге қатысу үшін ұсынатын облыс (республикалық маңызы бар қалалар және астана) деңгейінде конкурстың жеңімпаздары айқындалады:

  • өңір (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде – 15 номинация бойынша "Үздік стационар дәрігері", "Үздік алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігері", "Үздік жедел жәрдем дәрігері", "Үздік ауыл дәрігері", "Үздік провизор", "Үздік денсаулық сақтау менеджері", "Үздік санитарлық-эпидемиологиялық бейіндегі дәрігер", "Үздік санитарлық-эпидемиологиялық сараптама маманы", "Үздік денсаулық сақтаудағы әлеуметтік қызметкер", "Үздік стационар мейіргері", "Үздік алғашқы медициналық-санитарлық көмек мейіргері", "Үздік ауыл мейіргері", "Үздік акушер", "Үздік фельдшер", "Үздік медицина колледжі оқытушысы";
  • медициналық жоғары оқу орындары, ҒЗИ, ҒО, сондай-ақ медицина факультеттері, көпсалалы жоғары оқу орындары жанындағы медицина мектептері деңгейінде - "Үздік медициналық жоғары оқу орны оқытушысы", "Үздік денсаулық сақтаудағы ғалым" деген 2 номинация бойынша;

Атақ беруге үміткерлерді іріктеу үшін Денсаулық сақтау саласындағы жергілікті атқарушы орган ЖАО қызметкерлері, Медициналық және фармацевтикалық бақылау, санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитеттерінің, медициналық ұйымдардың, колледждердің, кәсіподақ комитеттерінің, үкіметтік емес ұйымдардың және Комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен сайланатын адам төрағалық ететін қоғам қайраткерлері қатарынан комиссия (Өңірлік комиссия) құрады.

Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін үміткерлер мынадай құжаттарды (материалдарды) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы немесе қағаз жеткізгіште береді:

  • конкурсқа қатысуға өтінім;
  • конкурсқа қатысушының портфолиосы;
  • сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер.

Конкурстың II кезеңі – Республикалық, жыл сайын маусым айында өткізіледі, онда конкурстың жеңімпаздары айқындалады.

Конкурстың республикалық кезеңін республикалық комиссия өткізеді, оның төрағасы болып көпшілік дауыспен сайланатын Республикалық комиссия мүшелерінің арасынан адам (19 адамнан аспайды) тағайындалады.

Конкурстық құжаттама ДСМ АЖ бекітіледі немесе түпнұсқада қағаз жеткізгіште ұсынылады:

  • номинациялар бойынша "Кәсібі бойынша үздік" атағын беру конкурсына қатысуға өтінім;
  • конкурсқа қатысушының портфолиосы;
  • конкурсқа қатысушының жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштері;
  • өңірлік комиссияның шешімі.

Республикалық комиссияның номинациялар бойынша "Кәсібі бойынша үздік" атағын беру туралы шешімі қатысқан мүшелердің жай көпшілік даусымен

қабылданады. Республикалық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде республикалық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Байқау қорытындысы Министрліктің ресми интернет-ресурсында жарияланады.

Ұсынылған номинациялар бойынша конкурс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі маусым айында медицина қызметкері Күнін мерекелеу шеңберінде өткізіледі.

Конкурс қорытындысы бойынша атақ иесіне сәйкес куәлік беріледі және әрбір номинация бойынша жеңімпаздарға республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшерінде біржолғы төлем төленеді.

Үміткерлер конкурс нәтижелерімен келіспеген жағдайда нәтижелер жарияланған күні апелляцияға береді.

Жоба "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.