Кәсіпкер Әнуарбек Жексенғалиев 6 жыл 8 айға сотталды

0
461

Жексенғалиев мемлекеттік бюджеттің 1,1 миллиард теңгесін жымқырып, оны бақылауындағы жалған құрылған кәсіпорындардың шоттарына аудару жолымен заңдастырғаны анықталды.


Кәсіпкер Әнуарбек Жексенғалиев 6 жыл 8 айға сотталды

ERNUR.KZ. Ұрланған қаражатты заңды айналымға тартқан Әнуарбек Жексенғалиев мүлкі тәркіленіп, 6 жылға және 8 айға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық табыс сомасы 4,3 миллиард теңге болады, деп жазады tengrinews.kz.

ҚМА мәліметінше, өткізілген параллельді қаржылық тергеу нәтижесінде қылмыстық активтерді жылыстатудың күрделі схемасы зерттелгені айтылды.

"Жексенғалиев мемлекеттік бюджеттің 1,1 миллиард теңгесін жымқырып, оны бақылауындағы жалған құрылған кәсіпорындардың шоттарына аудару жолымен заңдастырғаны анықталды. Сонымен қатар, ол қаражатты алып, шетел валютасына айырбастау бойынша қаржылық операцияларды жүзеге асырған. Сондай-ақ, ол ұрланған қаражатты жылыстату үшін жылжымайтын мүлікпен жалған мәмілелер жасаған", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кірістерді заңдастыру және жылыстату әрекеттері 2019-2022 жылдар аралығында іске асырылды. Ол жер телімдерін сатып алып, құрылыс компанияларына өткізіп, пайдалануға берілген үйлерден сыйақы ретінде пәтерлерді алып отырған.
"Жексенғалиевтен мемлекет кірісіне тәркіленген мүліктің сомасы 4,7 миллиард теңге болады".