Қазақстанда “Халық бухгалтері” акциясы басталады.
фото: Региональная служба коммуникаций Алматинской области
ERNUR.KZ. Қазақстанда “Халық бухгалтері” акциясы басталады. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Акцияның негізгі мақсаты – жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне салықтық есепті дайындау және тапсыру кезінде консультациялық көмек көрсету.
Бухгалтерлік қызмет онлайн және офлайн форматта ұсынылады. Ол үшін Telegram-арнасы құрылып, вебинарлар мен тақырыптық консультациялық сессиялар ұйымдастыралады.
"Акцияны бірінші жартыжылдықта өткізуді ұсынамыз. Мемлекеттік кірістер комитеті өз тарапынан сервистік модельді енгізу және бизнес үшін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі жұмысты күшейтеді", - деді Такиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Қазақстанның бухгалтерлік ұйымдары одағы үкіметтің бұл бастамасын қолдап отыр.


