Кәсіпорындар қызметкерлеріне 1,7 млрд теңге жалақы қарыз - Бердібек Сапарбаев

0
1 063

Министрдің айтуынша, еңбек қатынастарындағы негізгі мәселелердің ең біріншісі ол дер кезінде жалақыны беру, жалақы қарызына жол бермеу болып отыр.


Кәсіпорындар қызметкерлеріне 1,7 млрд теңге жалақы қарыз - Бердібек Сапарбаев

ERNUR.KZ. Кәсіпорындар қызметкерлеріне 1 млрд 700 млн теңге жалақы қарыз. Бұл туралы бүгін еңбек қатынастарын реттеу мәселесі қаралған Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда ел экономикасында 6,6 млн жалдамалы қызметкер 165 мың тұрақты істептұрған кәсіпорында еғбек етуде. Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингісінің нәтижесі бойынша еңбек қатынастарын реттеуде 140 мемлекеттің ішінде бұрын 35-ші орында болатын болсақ, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 30-орынға көтерілдік. Биылғы жылдың басынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ең төменгі жалақы 42 500 теңгеге дейін көтерілді, өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсті. Қазіргі таңда мемлекетімізде орташа жалақысы 176 мың теңге болып есептеледі», - деді ол.

Министрдің айтуынша, еңбек қатынастарындағы негізгі мәселелердің ең біріншісі ол дер кезінде жалақыны беру, жалақы қарызына жол бермеу болып отыр.

«Қазіргі таңда мемлекетіміздегі жалақының қарызы 1 млрд 700 миллион теңге. Оның 75 пайызы банкрот пен сауықтыруда тұрған кәсіпорындарда. Қазір жергілікті билікпен, прокуратура, құқық қорғау органдарымен жұмыс істеп жатырмыз. Жалақы қарызын азайту үшін кестені әзірледік. Мәжілісте заң жобасы қаралуда. Онда еңбек инспекциясында шығарған шешімдерін соттың шешімдерімен теңестіру, сол инспекцияның берген мәліметтері бойынша қарыздарды дер кезінде төлеу көзделген», - деді Б.Сапарбаев.