Қаскелеңде жартылай жалаңаш ер адам терезені сындырып, мектепке кірген

0
112

Күдікті ұсталды.


Қаскелеңде жартылай жалаңаш ер адам терезені сындырып, мектепке кірген

Фото: inbusiness.kz

ERNUR.KZ. Қаскелеңде белгісіз ер адам мектеп терезесін сындырып, ғимаратқа кірген, деп жазады inbusiness.kz.

Желіде оқиға орнынан түсірілген суреттер тарады. Кris.p.karasai Instagram-аккаунтында оқиғаның Қаскелең мектептерінің бірінде болғаны айтылған. Кадрлардан жартылай жалаңаш ер адамды байқауға болады. Ол терезені сындырып, сынып ішіне секіріп кірген.

Облыстық полиция мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқушылар мен педагогтер арасында зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысында күдіктінің психикалық денсаулық жағдайына тиісті тексеру жүргізіледі", – деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.