​Kaspi Bank клиенттер картасынан жаппай ақша жоғалуының себебін түсіндірді

0
1 641

Мәселені банк қызметкерлері шешті


​Kaspi Bank клиенттер картасынан жаппай ақша жоғалуының себебін түсіндірді

ERNUR.KZ. Күні кеше Кaspi Bank клиенттері өз есепшотындағы ақшаның жоғалып кеткенін анықтады. Тұтқаны көтермей қойған банк операторлары жағдайды одан бетер ушықтырып жіберген. Алайда бірнеше сағаттан соң мәселе шешіліп, жоғалған қаражат иелеріне қайтарылыпты. Банк бұл оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады nur.kz.

17 қаңтар күні қазақстандықтар өзінің Kaspi банктегі есепшотында ақшаның жоғалып кеткенін байқаған.

"Менің шотымдағы 500 мың теңге жоғалып кетті", "Менің картам менде бар қаржы соммасын көрсетпей тұр. Тек қана - 4733 теңгені көрсетуде", "Менің есепшотымдағы барлық жиған-тергенім жоқ болып кетті" , "Операторларға қоңырау шалу мүмкін емес. Тұтқаны алмайды, екі сағат болды. Ақшам қайда?", - деп жазған қазақстандықтар.

Клиенттер Kaspi Gold картасы бойынша ақша аудару мен транзакция жұмысындағы ақау салдарынан бір күнге мүлде ақшасыз қалғандары үшін ашуға булықты.

Осыған орай, банк өкілдері жаппай ақшаның жоғалу себебін түсіндірді. Анықталғандай, банк жүйесінде уақытша техникалық ақау орын алған.

"Соған байлайнысты, кейбір клиенттердің картасындағы ақпарат дұрыс көрсетілмей тұрған.

Біз мәселені шешу жұмыстарын қателік туралы біле бастадық.

Қазіргі таңда басты мәселені біздің әріптестер шешті. Біз шынымен де өзіміздің сүйікті клиенттерімізге қолайсыздық тудырғанымызға өкінеміз" , - деді банк өкілдері.