Каспий теңізінде Қазақстан мен Ресей әскерлерінің Біріккен теңіз оқу-жаттығулары өтіп жатыр

0
1 393

Оқу-жаттығулар 22 қыркүйекке дейін созылады.


Каспий теңізінде Қазақстан мен Ресей әскерлерінің Біріккен теңіз оқу-жаттығулары өтіп жатыр

Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз Күштерінің «Орал», «Сарыарқа», «Маңғыстау» және «Қазақстан» ракеталық-артиллериялық кемелері Ресей Федерафиясы Әскери-теңіз күштерінің Каспий флотилиясымен бірлескен оқу-жаттығуарына қатысуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оқу-жаттығулар Каспий теңізінің қазақстандық акваториясында өтіп, 22 қыркүйекке дейін созылады. Жуырда Ақтау қаласының портына ресейлік «Татарстан» кемесі мен «Ступинец» катері, сонымен қоса 2 гидрографикалық кеме, ракеталық және рейдтік тралдар, құтқару буксирі мен кіші танкер келген болатын.
Оқу жаттығулар Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы контр- адмирал Сәкен Бекжановтың жеке басшылығымен өтуде.

Жыттығу барысында Қазақстан мен Ресей Әскери-теңіз Күштері біріккен топтарының жаңа ұрыс формалары мен әдістерін зерделеуге басты назар аударылмақ. Екі елдің теңізшілері арнайы операциялар мен ұрысты жүргізу бойынша бірқатар сұрақтарды пысықтап, кемелердің бірлескен іс-қимылдарын, тапсырманы орындау орнындағы маневлерді жүзеге асыратын болады.
Осы жаттығулардың нәтижесінде екі елдің біріккен штабтарының үйлесімділігі бағаланып, офицерлердің біліктілік деңгейі сынға алынады.
Бүгінгі күні, біріккен оқу-жаттығуларды өткізуден басқа, қазақстандық және ресейлік әскери теңізшілер Халықаралық армиялық ойындары барысында өзара іс-қимылдарды бірлесе өткізіп, машықтарын арттырып келуде.