Каспий теңізіндегі өте сирек кездесетін құйын көпшілікті таңғалдырды (ФОТО)

0
809

"Қазгидромет" су құйыны әдетте тропикалық жақтарда болатынын айтып отыр.


Каспий теңізіндегі өте сирек кездесетін құйын көпшілікті таңғалдырды (ФОТО)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желі қолданушылары Каспий теңізінде сирек кездесетін құбылысты фотоға түсіріп алған. Мұндай құбылыс 2011 жылдың қазан айында Қашаған кен орны ауданында байқалған деп жазады sn.kz.

Соңғы рет Каспий теңізінде мұндай құйын 2011 жылы болғаны айтылып отыр. Ақтауда Каспий теңізінде болған сирек құбылыс әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды. "Қазгидромет" су құйыны әдетте тропикалық жақтарда болатынын айтып отыр. Климаты Қазақстан сынды елдерде сирек кездеседі.

"Мұндай құйын болуы үшін екі жағдай керек. Теңіз суы жылы және бұлттағы ауа суық болуы тиіс. Температура күрт өзгергендіктен, атмосфераның жоғарғы және төменгі қабаттарындағы қысым әртүрлі болады", – деді гидромет орталықта.

Мамандар құйынның ортасында қысым төмен болатынын айтып отыр. Сондықтан ол суды теңіз бетіне көтеріп алады. Желдің жылдамдығы секундына 30 метрден асуы мүмкін. Қазгидрометте құйынды болжау оңай емес екенін жеткізді. Өйткені оның мониторингі станциялар желісінің визуалды бақылау жүйесіне негізделеді. Мұндай жолмен тек құйынның бағытын ғана анықтауға болады.