Құтқарылғандардың барлығы жабдықталмаған шомылу орнында шомылған. Медициналық көмек қажет болмады.
ERNUR.KZ. 2023 жылғы 28 маусымда Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауында Маңғыстау облысы ТЖД мобильді құтқару бекетінің кезекшілігі кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1997, 1995, 2009 жылы туған азаматтарды құтқарды, деп жазады inbusiness.kz.
Бірнеше сағаттан кейін құтқарушылар тағы екі жігітті құтқарды.
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.