Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария вице-президентімен кездесу өткізді

0
1 182

Илиана Йотова Павлодарға барып, облыс және қала басшыларымен, болгар диаспорасымен кездесуді жоспарлап отыр.


Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария вице-президентімен кездесу өткізді

ERNUR.KZ. Болгария Республикасының вице-президенті Илиана Йотова жұмыс сапарымен Қазақстанда жүр, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгін Болгария Республикасының вице-президенті Илиана Йотованың Қазақстанға екі күндік жұмыс сапары басталды. Болгарияның вице-президенті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқы Ассемблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевпен келіссөз өткізді. Сонымен қатар, ертең Болгария вице-президенті Павлодар қаласына іссапармен барады», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров тілшілерге арналған брифинг барысында.

Илиана Йотова Павлодарға барып, облыс және қала басшыларымен, болгар диаспорасымен кездесуді жоспарлап отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін аталмыш брифингте Қазақстанға Моңғолия Премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланған болатын.