Қасым-Жомарт Тоқаев ұмра қажылығын өтеді

0
555

Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды.


Қасым-Жомарт Тоқаев ұмра қажылығын өтеді

24 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра немесе кіші қажылығын өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қос Киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен ресми сапармен жүр.