Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамның бас хатшысына тайфун апатына байланысты көңіл айтты

0
174

Ол "Вифа" тайфуны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.


Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамның бас хатшысына тайфун апатына байланысты көңіл айтты

Фото: Ақордадан
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы То Ламға табиғи апатқа байланысты көңіл айтты, деп жазады Stan.kz.


Ол "Вифа" тайфуны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.


“Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ достас Вьетнам халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, аман-есен отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін”, – делінген жеделхатта.