Қатты аязға байланысты еліміздің бес өңірінде ескерту жарияланды

0
1 982

Қазақстанда ауа температурасы 39 градусқа дейін төмендейді.


Қатты аязға байланысты еліміздің бес өңірінде ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республикамыздың бес өңірінде ауа-райының күрт суытуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысында 30 желтоқсанда күн қатты аяздап, сынап бағаны 27-32 градусқа дейін төмендейді, 31 желтоқсан мен 1 қаңтарда түнде кей жерлерде аяз 30-35 градусқа дейін барады деп күтіледі.

Ақмола, Павлодар облыстарында 31 желтоқсан мен 1 қаңтарда ауа температурасы 30-35 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүстігінде, тіпті 38 градус аяз болады деп күтіледі.

Қарағанды облысында 31 желтоқсанда ауа температурасы 25-30 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде 35 градус, ал 1 қаңтарда кей жерлерде 39 градус аяз болады деп болжанады.

Шығыс Қазақстан облысында 1 қаңтарда ауа температурасы 31-36 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 39 аяз болады деп күтіледі.