Бұл жолғы кептеліске Қырғызстан тарапы ғана айыпты.
ERNUR.KZ. Қазақстан мемлекеттік шекара қызметінің түсіндірмесіне қарағанда, бұл жолғы кептеліске Қырғызстан ғана айыпты, деп жазады inbusiness.kz.
Өйткені осы елдің транспорт және жол министрлігі жаңа талап енгізген: егер ауа температурасы 28 градустан жоғарылайтын болса, онда бекеттен өтетін үлкен көлік ағыны мейлінше азайтылуға тиіс. Ондағы мақсат күнге қызып жатқан магистраль мен тас жолды бүлінуден қорғау. Түнімен жол салқындатылып тұрмақ. Сондықтан кешкі 20:00-ден кешіккен жүк көліктері таңғы 9-ға дейін бекеттен өткізілмейді. Қазақстан тарапынан жіберілген ресми хатқа осындай жауап келіпті.