Қазақ тілінде хабар таратпаған телеарналар мен радиоларға айыппұл салынуы мүмкін

0
105

Мәдениет және ақпарат министрлігі енді бұл талапты орындамаған медиаға әкімшілік жаза қолдануды ұсынып отыр.


Қазақ тілінде хабар таратпаған телеарналар мен радиоларға айыппұл салынуы мүмкін

Фото: time.kz

ERNUR.KZ. Қазақстанда телеарналар мен радиостанциялардың апталық эфир уақытының кем дегенде 55 пайызы қазақ тілінде болуы тиіс, деп жазады inbusiness.kz.

Қазіргі уақытта әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы бастама көтерілді. Ұсыныс 10 шілдеге дейін Ашық НҚА сайтында қоғамдық талқылауға шығарылды.

Жобада тіл квотасынан бөлек, жарнама көлемінің шектен асқанына байланысты да жауапкершілік қарастырылған. Қолданыстағы заңнама бойынша, жарнама жалпы эфир уақытының 20 пайызынан аспауы тиіс.

Бұдан бөлек, министрлік онлайн платформалардағы құқыққа қайшы контентті таратқаны үшін де айыппұл салу бастамасын көтеріп отыр. Соның ішінде әлеуметтік желілер мен бейнехостингтер де бар.

Ведомствоның мәлімдеуінше, заңнама жаңартылмаса, цифрлық кеңістікті бақылау барған сайын қиындай береді.

"2024 жылы қазақстандық онлайн-платформаларда 78,5 мыңнан астам заңсыз контент анықталды. Бірақ соның тек 24,3 пайызы ғана жойылған" – деп жазылған құжатта.

Айта кетейік, Қырғызстан билігі қырғыз тілін білмейтін қырғызстандықтарға айыппұл салатын заңды қабылдады.