Қазақ тілінен емтихан тапсыра алмаған оқушылар келесі жылға қала ма: Министр жауабы

0
910

Ол оқушылардың құқығы тапталмайтынын жеткізді.


Қазақ тілінен емтихан тапсыра алмаған оқушылар келесі жылға қала ма: Министр жауабы

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биыл қазақ тілінен емтихан алу алғаш рет енгізіліп жатқанын айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қазақ тілінің сапасын арттыру үшін қазақ тілінен емтихан алғаш рет енгізіліп отыр. Сондықтан бұл емтиханды жоғары деңгейде және объективті өткізу бойынша тапсырма берілді. Оқушылардың құқығын шектеуге бұл емтихан аясында жол берілмейді. Бұл мәселе менің тікелей бақылауымда. Егер қандай да бір сұрақ туындаса, министрліктегі комитеттерге хабарласуға болады. Әлеуметтік желіде де қандай да бір оқиға болса, оған біз міндетті түрде әсер етеміз», - дейді Бейсембаев.

Еске салсақ, биыл қазақ тілі бойынша емтиханды 5, 8-10-сынып оқушылары алғаш рет тапсырады.