"Қазақфильмде" өртке байланысты ішкі тексеріс басталды

0
609

Қала билігі, Мәдениет және спорт министрлігі бұл істі ерекше бақылауда ұстайды.


ERNUR.KZ. "Қазақфильм" киностудиясында өртке байланысты ішкі тексеріс жүріп жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.


"Қазақфильм" киностудиясының аумағында болған өртке байланысты Алматы қаласының Ішкі істер депортаменті қылмыстық іс қозғады. Қала билігі, Мәдениет және спорт министрлігі бұл істі ерекше бақылауда ұстайды. Әрине, "Қазақфильмде" ішкі тергеу де жүргізіп жатырмыз. Тергеу мүддесі үшін мен әлі түсініктеме беруден бас тартуға мәжбүрмін", - деді Ақан Сатаев.


"Бұл деректі Бостандық ауданының полиция басқармасы қарап жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалады, олардың нәтижесі бойынша өрттің нақты себебі белгілі болады. Кейін ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады", - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салайық, 14 тамызда Алматыдағы "Қазақфильм" студиясында ірі өрт болды. Тілсіз жауды жоюға 53 өртсөндіруші мен 16 бірлік техника жұмылды.

Оқиғадан кейін "Қазақфильм" киностудиясының президенті Ақан Сатаев "Қазақ хандығы" кинокартинасының декорациясы мен орман қоймасы жанып кеткенін мәлімдеді.

"Мен өкінішке қарай жанып кеткен "Қазақ хандығы" кинокартинасының декорациясының ортасында тұрмын. Өртенген екінші нысан осы жерден 200 метр қашықта орналасқан. Өрттің әдейі жасалғаны анық. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі жағдайдың шығыны аса көп емес. Біз осыны жасаған қылмыскерлерді табамыз деген үміттемін", - деді Ақан Сатаев Instagram желісіндегі парақшасында.