Халықаралық спорттық альпинизм федерациясы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Верный шыңына алғашқы болып өткен Қазақстан құрама командасы бірінші орынды иеленді.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Қазақстандық команда құрамында альпинистер Роман Шестернин, Леонид Крупа, Закиржан Абдураимов және Станислав Лайнопуло болды.
Бүкіл маршруттың ұзындығы 1670 м, биіктік айырмашылығы 910 м. Команда бағыт бойынша 6 түн болып, арнайы платформада түнеді", делінген ақпаратта.