Қазақстан 3 елмен құрлық шекарасы бойынша шектеулерді алып тастайды

0
1 148

Қазақстанның мемлекеттік шекарасын әуеқатынасы арқылы кесіп өтуге белгіленген барлық шектеулер алынады.


Қазақстан 3 елмен құрлық шекарасы бойынша шектеулерді алып тастайды

ERNUR.KZ. Ертеңнен бастап Қазақстан Қырғызстанмен, Өзбекстан және Ресеймен құрлық шекарасы бойынша шектеулерді алып тастайды, деп жазады Tengrinews.kz.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бұл туралы шешімді 6 сәуірде қабылдады.

"Ертең, 11 сәуірден бастап дос-жаран, туыстары мен жақындарымен ұзақ уақыт бойы қауышпаған адамдар өткізу бекеттерін шектеусіз кесіп өте алады. Сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік шекарасын әуеқатынасы арқылы кесіп өтуге белгіленген барлық шектеулер алынады", - делінген хабарламада.

Бірақ ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы немесе қазақстандықтар мен Қазақстан Республикасы аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары вакцинация я ревакцинация туралы құжатын міндетті түрде ұсыну жөніндегі талап сақталатыны хабарланды.