"Қазақстан аруы – 2021" ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды

0
709

Назерке Қарманова Қазақстанның атынан "Әлем аруы" байқауына қатысады.


ERNUR.KZ. "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының тарихында биыл алғаш рет бірден үш ару жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы ірі халықаралық конкурстарда Қазақстанның атынан өнер көрсетеді, деп жазады sputnik.kz.

Ақтөбелік Назерке Қарманова "Әлем аруы" байқауына барады.

Ал Анна Глубоковская Қазақстан атынан "Жер жүзі аруы" байқауына қатысса, Айдана Ақантаева "Жаһан аруы" байқауында ел намысын қорғайды.

Сондай-ақ Данагүл Қарабай мен Қарлығаш Сексенқызы вице-мисс атанды.

Айта кетері, байқаудың финалына 28 ару шықты. Оның ішінен 5 бойжеткен үздік атанып, жеңімпаз онлайн дауыс беру арқылы таңдалды.

"Қазақстан аруы-2021" байқауының үздік 5 қатысушысы: "Спорт аруы" Данагүл Қарабай, "Нұр-Сұлтан аруы" Айдана Ақантаева, "Ақтөбе аруы" Назерке Қарманова, "Қарағанды аруы" Анна Глубоковская, "Fashion аруы" Қарлығаш Сексенқызы

Финалда Қазақстанның ең сұлу қыздары ARUNAZ отандық сән үйінің киімдері мен Sherri Hill Голливуд брендінің көйлектерін киіп шықты.

"Алматы аруы" Асият Исембаева "Кербез" ұлттық биін орындады, "Астана аруы – 2019" Айзада Хабиболаева прима-қобызда Антонио Вивальдидің "Шторм" композицясын сахнаға алып шықты. Ал "Астана аруы – 2021" Айдана Ақантаева пианинода Батырхан Шүкеновтің "Дождь" әнін орындады.

Әділқазы құрамында арулардың өнерін виртуоз скрипкашы, дирижер, Марат Бисенғалиев, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан аруы - 2013" Айдай Исаева, актер Тәуекел Мүсілім, баспагер Виктория Момынбаева, Effective Media Liaison басшысы Сұңқар Қарабалин, "Қазақстан Аруы" байқауының әлеуметтік-қайырымдылық жобаларының директоры Совет Сейітов, "Қазақстан Аруы" ұлттық байқауының президенті Алена Қырбасова, Almaty fashion week негізін қалаушы Алексей Чжен бағалады.

Байқаудың финалына шыққан арулардың фотосын мына жерден көруге болады.