Жобаның жеңімпазы өскемендік 20 жасар ару Бағым Балтабаева атанды.
Сурет: Instagram/bagyymm
ERNUR.KZ. 2024 жылғы 5 желтоқсанда Алматыда "Қазақстан аруы-2024" республикалық сұлулық байқауы өтті, деп жазады zakon.kz.
Жобаның жеңімпазы өскемендік 20 жасар ару Бағым Балтабаева атанды.
Оның айтуынша, ол отбасындағы көптен күткен қыз. Сондықтан да, ерке болып өскен.
"Еркелігіме қарамастан мен алға қойған мақсатыма жетпей қоймаймын. Алынбайтын қамал жоқ, бастысы — сенім",- деп жазды жеңімпаз ару Instagram-дағы жазбасында.
Бағым бос уақытында шығармашылықпен айналысады және жақындарымен өткізеді.
"Мен адамдарда шынайылықты, мейірімділік пен адалдықты бағалаймын", — деді ол.
Сондай-ақ, байқауда өзге де атақ иелері марапатталды:
- Айдана Әбілқасова, "Вице-мисс Қазақстан-2024";
- Томирис Қадырхан, MISS EARTH;
- Дана Алмазова, MISS UNIVERSE.
Сурет: Telegram/24kz