Әлемнің әртүрлі елінде 2020 жылдың қарашасында жұмбақ металл монолиттер пайда бола бастады.
ERNUR.KZ. Қазақстанда шығу тегі белгісіз монолит табылды. Ол бұған дейін АҚШ пен Румынияда анықталған тастарға ұқсайды, деп жазады Tengrinews.kz.
The Market Periodical басылымы жариялаған суретте Шарын шатқалында үшбұрышты ерекше металл нысаны түсірілген.
"Қазақстанда монолиттің қайдан шыққаны әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр", - делінген мақалада.

Әлемнің әртүрлі елінде 2020 жылдың қарашасында жұмбақ металл монолиттер пайда бола бастады. Сол кезде Юта шөлінде Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері биіктігі үш метрге жуық металл монолитті тапқан.
Содан кейін ұқсас нысандар Румыния, Ұлыбритания, Нидерланды, Колумбия, Испания аумағында табылды.


