Қазақстан азаматтығын алуды жеңілдететін құжат жобасы талқылауға шығарылды

0
129

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Ресейдің кіретін шетелдіктерді электронды тіркеуден өтуге мәжбүрлейтін ереженің Қазақстан азаматтарына да қолданылуын «визалық режим» деп бағалаған еді.


Қазақстан азаматтығын алуды жеңілдететін құжат жобасы талқылауға шығарылды

Коллаж: Kazinform/Freepik

ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан азаматтығын алғысы келетін және қалпына келтіргісі келетін шетелдіктерге қойылатын мемлекеттік тілді білу талабын жеңілдететін бұйрық жобасын «Ашық НҚА» порталына шығарды, деп жазады inform.kz.

— Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлерді тестілеудің әрбір пәні бойынша сұрақтар санының максималды тең қатынасын қамтамасыз етуге және шекті деңгейді 10%-ке төмендетуге мүмкіндік береді, — деп жазылған құжаттың қабылдауынан күтілетін нәтиже туралы түсіндірмесінде.

Құжаттың ресми атауы — «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін бекіту туралы» бұйрық. Осы бұйрықтың жаңа редакциямен жазу ұсынылып отыр.
— Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде 15 (он бес) балдан кем емес, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін 20 (жиырма) балдан кем емес, сондай-ақ Қазақстан тарихын 15 (он бес) балдан кем емес білу көлемі бекітілсін, — делінген жаңа редакция жобасында.
Еске салсақ, Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Ресейдің кіретін шетелдіктерді электронды тіркеуден өтуге мәжбүрлейтін ереженің Қазақстан азаматтарына да қолданылуын «визалық режим» деп бағалаған еді.