Германиялық БАҚ мәліметінше оқиға көктемде Мюнстер қаласында болған.
ERNUR.KZ. Германияда 22 жастағы Қазақстан азаматы мерекелік жәрмеңкеде кісі өлтірді деген айып тағылды, деп жазады stan.kz.
Германиялық БАҚ мәліметінше оқиға көктемде Мюнстер қаласында болған. Деректерге сүйенсек, 31 жастағы ер адам пышақ жарақатын алған соң көз жұмыпты.
Шабуыл жасаған күдікті қашып кетіп, бірнеше күннен кейін полицияға өзі берілген. Куәгерлердің айтуынша, жанжал аттракциондағы кезек үшін басталыпты.
Кісі өлімінен кейін марқұмға құрмет ретінде жәрмеңке қызметі тоқтатылды.
Сот отырысы осы аптада басталуы керек.