Қазақстан банктері жол инфрақұрылымын дамытуға 700 миллион долларға дейін қаражат бөледі

0
60

Банктер тобы мен "ҚазАвтоЖол" кредит туралы келісімге қол қойды.


Қазақстан банктері жол инфрақұрылымын дамытуға 700 миллион долларға дейін қаражат бөледі

фото: sputnik.kz.

ERNUR.KZ. "ҚазАвтоЖол" мен қазақстандық банктер синдикаты 700 млн долларға дейінгі сомаға кредиттік келісімге қол қойды, деп жазады sputnik.kz.

Синдикат құрамына Halyk Bank, ЦентрКредит Банкі және Еуразиялық банк кірді.
"Келісім Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) алдындағы "ҚазАвтоЖол"-дың қазіргі қарызын қайта қаржыландыру үшін 700 млн долларға дейінгі сомаға қаржыландыру беруді көздейді", - деп жазылған хабарламада.