Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

0
129

​Отандасымыз шілде айында ғана Джакартада (Индонезия) өткен U19 Азия чемпионатында топ жарған болатын.


Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері жалғасып жатыр, деп жазады baq.kz.

Аса ауыр салмақтағы Зарина Толыбай шешуші кезеңде Самира Итониевамен (Ресей) айқас өткізіп, 4:1 есебімен басым түсті.

Заринаның финалға дейінгі жолы:

1/4 финал. Френцис Таафаки (Тувалу) - 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

1/2 финал. Мирей Догру (Түркия) - 5:0

Бокс федерациясы мәліметінше, отандасымыз шілде айында ғана Джакартада (Индонезия) өткен U19 Азия чемпионатында топ жарған болатын.