Қазақстан былтыр 90 млн тонна мұнай өндірді

0
620

Каспий құбыр консорциумының қазақстандық учаскесінде кедергілерді жою жобасы аяқталған.


Қазақстан былтыр 90 млн тонна мұнай өндірді

ERNUR.KZ. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өткен жылы елімізде қанша мұнай өндірілгенін және шетелге тасымалданғанын айтты, деп жазады sputnik.kz.

"2023 жылы 90 млн тонна мұнай өндірілді. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 6,9%-ға жоғары (2022 ж. - 84,2 млн тонна). Қарашығанақта жылына 10-11 млн тонна деңгейінде өндіру сөресін қолдау жобалары аясында 5-ші (құны $970 млн) және 6-шы компрессор (құны $734,6 млн) салу жұмыстары басталды, тиісінше 2025 және 2028 жылдары аяқтау жоспарланып отыр", - деді Сәтқалиев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Министрдің айтуынша, мұнай экспорты да өсіп, 70,5 млн тоннаны немесе 109,6%-ды құрады (2022 жылы - 64,3 млн тонна).
"Каспий құбыр консорциумының қазақстандық учаскесінде кедергілерді жою жобасы аяқталды. Бұл өткізу қабілетін жылына 72,5 млн тоннаға дейін арттырды. Қазақстандық мұнай "Транснефть" ЖАҚ жаңа жүйесі арқылы "Шведт" МӨЗ бағытындағы Дружба мұнай құбыры арқылы Германияға 1 млн тонна көлемінде тасымалданды", - деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ қазақстан мұнайы Баку-Тбилиси-Джейхан жүйесі арқылы 1 млн тонна көлемінде тасымалданды, бұл Ақтау порты арқылы Махачкала және Баку бағытындағы мұнай экспортын 3,4 млн тоннаға дейін немесе 2022 жылмен салыстырғанда 52%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Бұған қоса қазақстандық мұнай Қытайға 1,2 млн тонна көлемінде, Өзбекстанға т/ж бойынша 0,065 млн тонна көлемінде жеткізілді.
Сонымен қатар Ресей мұнайының ел аумағы арқылы транзиті: Қытайға – 10 млн тонна, Өзбекстанға – 0,15 млн тоннаны құрады. "Дружба жүйесі бойынша мұнайды 1,2 млн тонна, сондай-ақ Баку-Тбилиси-Джейхан бағытында тиісінше 2024 жылға 1,5 млн тонна көлемінде тасымалдау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді", - деді Сәтқалиев.