23 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Қазатомөнеркәсіп" басқарма мүшесін және компанияның басқа да өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікпен ұстады.
фото: АО "НАК "Казатомпром"
Мәлімдемеге сәйкес, 26 қарашадан бастап Сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор Дархан Сағындықов қызметінен өз еркімен кеткен.
"Оның өтініші негізінде және корпоративтік процедураларға сәйкес, Компанияның Директорлар кеңесінің шешуімен Дархан Сағындықовтың Қазатомөнеркәсіп Басқармасының мүшеcі ретіндегі өкілет мерзімі тоқтатылды", - деп хабарлады компанияда.
Компания мәліметінше, Қазатомөнеркәсіп өз жұмысын штаттық режимде жалғастыруда, ал міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу жөніндегі ішкі рәсімдерге сәйкес аталған позицияның функционалдық міндеттемелері Компания басшылығы арасында қайта бөлініп, атқарылатын болады.
23 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Қазатомөнеркәсіп" басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековті және компанияның басқа да өкілдерін ұстады. Комитеттің хабарлауынша, олар "Самұрық-Қазынаның" бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінген.


