Қазақстан даму банкі арқылы 11 мың отандасымыз көлік мінді

0
2 966

​«Қазақстан даму банкі» АҚ-ның автокөліктерді несиелендіру механизмі арқылы 11 мыңға жуық қазақстандық көлікті болған. Бұл жөнінде бүгін Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аталған банктің басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.


Қазақстан даму банкі арқылы 11 мың отандасымыз көлік мінді

фото: motor.kz

«Қазақстан даму банкі» АҚ-ның автокөліктерді несиелендіру механизмі арқылы 11 мыңға жуық қазақстандық көлікті болған. Бұл жөнінде бүгін Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аталған банктің басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Мемлекет қолдауымен банк тарапынан жүзеге асырылатын автокөлікті несиелендіру бағдарламасы бойынша берілген қарыздардың жалпы сомасы 39 млрд теңгені құрайды. Осы мүмкіндіктің арқасында 11 мың қазақстандық азамат отандық өндірістегі автомобильдерге ие болды», - деді ол.

Б.Жәмішев берген мәліметке сәйкес, бүгінгі күні «ҚДБ»-де ұлттық валютада қарыз алатындар саны артқан.

«Егер, банк жағдайы туралы айтар болсақ, кредиттік портфельдің валюталық сипаты теңгеде қарыз алудың ұлғаюы бойынша жағымды үрдісті көрсетуді жалғастырып келеді. Несие портфелі құрылымында Ұлттық валютадағы қарыздар үлесі 2013 жылғы 20,5%-дан 2017 жылғы 45-70%-ға дейін өскен. Сәйкесінше, шетел валютасындағы қарыздар азайып келеді.

Мен тұрақтылықты қамтамасыз ету жайында айтқанымда, мынаны меңзеген едім: банк ұлттық валюта шетел валютасында утилизациялауға шамасы келмейтін тексерулерді өз мойнына алмау туралы шешім қабылдады. Яғни, біз шетел валютасында тек экспортқа бейімделген немесе ықтимал валюталық тәуекелдерді сіңіре алатын, утилизациялай алатын жобаларды ғана қаржыландырамыз. Сондықтан, біз ұлттық валютада қаржыландырып жатқан жобалардың саны қарқынды тұрде артуда», - деді банк төрағасы.