Қазақстан Дүниежүзілік банктен 345,7 миллион еуро қарыз алды

0
1 880

Бұл қаржы жеке сектордың бәсекеге қабілеттегін арттыру және пандемиядан кейін ел экономикасын қалпына келтіруге жұмсалмақ.


Қазақстан Дүниежүзілік банктен 345,7 миллион еуро қарыз алды

ERNUR.KZ. 24 тамызда Қазақстан Дүниежүзілік банктен 345,7 миллион еуро көлеміндеқарыз алу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Мәлім болғандай бұл қаржы жеке сектордың бәсекеге қабілеттегін арттыру және пандемиядан кейін ел экономикасын қалпына келтіруге жұмсалмақ.

"24 тамызда Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы аймақтық директоры Татьяна Проскурякова мен премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жеке сектордың бәсекеге қабілеттегін арттыру және COVID-19 пандемиясынан кейін Қазақстан экономикасын қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін 345,7 миллион еуро сомасында қарыз алу туралы келісімге ресми қол қойды", – деді Дүниежүзілік банктің баспасөз қызметінің қызметкерлері.

Қарыз туралы келісім Дүниежүзілік банктің директорлары кеңесімен 2021 жылдың желтоқсанында мақұлданған. Ал президент тиісті қаулыға 2022 жылдың 2 шілдесінде қол қойды.

Келісім бойынша қарызды өтеу мерзімі 11,5 жыл, қосымша жеңілдік ретінде 2,5 жыл ұсынылады.