​Қазақстан экономикасы 2025 жылы өсуді 6,5%-ға дейін жеделдетті – Мәди Такиев

0
98

Министрдің айтуынша, мемлекеттік борыш белгіленген дәліз бойында тұр.


​Қазақстан экономикасы 2025 жылы өсуді 6,5%-ға дейін жеделдетті – Мәди Такиев

Depositphotos.com

ERNUR.KZ. 2025 жылы экономикалық белсенділікті көлік, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі және сауданы қоса алғанда, нақты сектордың негізгі салалары жеделдетті. Мәжілістің жалпы отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы қаржы министрі Мәди Такиев баяндады.

«2025 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан экономикасы оң динамиканы сақтап қалды. ЖІӨ өсімі 6,5% құрады. Өсімге негіз болған салалар: көлік 20,4%-ға, құрылыс 15,9%-ға, тау-кен өнеркәсібі 9,4%-ға және сауда 8,9%-ға өсті. Бұл ретте инфляциялық қысым сақтала отырып, 12,3% деңгейінде қалыптасты. Орташа айлық жалақы нақты мәнде 2%-ға төмендей отырып, 442 мың теңге деңгейінде онықты. Ал жұмыссыздық деңгейі жыл бойы тұрақты сақтала отырып 4,6% деңгейінде болды», – деді Мәди Такиев.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік борыш белгіленген дәліз бойында тұр. Жыл қорытындысы бойынша, ол жалпы ішкі өнімнің 22,8%-ын немесе 36,4 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ЖІӨ көлемі – 159,6 трлн теңге.

«Ұлттық қордың активтері 2025 жылдың аяғында $73,8 млрд болды, оның ішінде валюталық қордың активтері – $63,9 млрд. Бұл сомада “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы бойынша қарастырылған $1,57 млрд мөлшеріндегі нысаналы талаптар жоқ», — деп атап өтті министр.