Дипломатиялық миссия өкілдері ресейліктерге береке, бақыт және бейбітшілік тіледі.
фото: Sputnik / Санат Имангалиев
ERNUR.KZ. Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігі ресейліктерді Ресей күнімен құттықтауды жариялады, деп жазады sputnik.kz.
"Біздің елдеріміз стратегиялық серіктестер, тату көршілер және ортақ тарих, мәдениет және өзара мүдделермен байланысты сенімді одақтастар болыып табылады", - деп жазылған хабарламада.
Дипломаттардың айтуынша, бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық барлық салада сенімді түрде дамып келеді және мемлекетаралық қатынастардың жарқын үлгісі болып табылады.
Дипломатиялық миссия өкілдері ресейліктерге береке, бақыт, бейбітшілік, өркендеу және барлық жақсылықты тіледі.


