​Қазақстан елшілігі Украинадағы қазақстандықтардың елден кетуін сұрап үндеу жолдады

0
596

Украинаның барлық аумағында азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға шабуылдар күшейген.


​Қазақстан елшілігі Украинадағы қазақстандықтардың елден кетуін сұрап үндеу жолдады

ERNUR.KZ. Қазақстан елшілігі Украинадағы қазақстандықтардың елден кетуін сұрап үндеу жолдады, деп жазады tengrinews.kz.

Үндеу Қазақстан елшілігінің Telegram-каналында жарияланды.

"Украинаның барлық аумағында азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға шабуылдардың күшеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Елшілігі өз азаматтарын Украинаға барудан бас тартуға, ал елде жүргендерді әуе рейдтік сигналдарын елеусіз қалдырмауға және қауіпсіз аумақта қалуға шақырады. Сондай-ақ, Елшілік Қазақстан азаматтарынан мүмкіндігінше, Украина аумағынан кетуді сұрайды", - делінген хабарламада.