Алкогольдік ішімдік тұтыну бойынша көрші Қырғызстан – 106, Түрікменстан – 114, Өзбекстан – 131, Тәжікстан – 134 орында.
ERNUR.KZ. Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, бүгінде Қазақстан халқы жан басына шаққанда 11 литр таза спирт тұтынады екен. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде 34-орындамыз, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Алкогольдік ішімдік тұтыну бойынша көрші Қырғызстан – 106, Түрікменстан – 114, Өзбекстан – 131, Тәжікстан – 134, Қытай – 95 орында.
Айта кетерлігі, карантин кезінде ішімдікке тәуелді болғандар саны күрт өскені белгілі. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, еліміздегі коронавирусқа қарсы карантин қабылданған уақытта арақ, ликер өнімдерін тұтыну мөлшері 21,5 пайызға (2020 жылғы қаңтар-қарашада 35,7 миллион литрге дейін) өскен.