Қазақстан қалалары бойынша айт намазының уақыттары (2019 ж.)

0
2 875

2019 жылдың 5 маусымы – Ораза айттың бірінші күні


Қазақстан қалалары бойынша айт намазының уақыттары (2019 ж.)

ERNUR.KZ. 2019 жылы 5 маусымда Қазақстандағы қала және облыс орталық мешіттерінде ораза айт намазы өткізілетін уақыттар:

Қала және облыс орталығы

Айт намазы оқылатын уақыт

Күн шығатын уақыт

1

Нұр-Сұлтан қаласы

07:00

04:57

2

Алматы қаласы

06:00

05:11

3

Шымкент қаласы

07:00

05:43

4

Маңғыстау облысы

07:00

05:52

5

Түркістан облысы

07:00

05:45

6

Атырау облысы

07:00

05:36

7

Жамбыл облысы

06:30

05:34

8

БҚО

06:30

05:17

9

Қостанай облысы

07:30

05:17

10

Алматы өңірі

06:30

05:12

11

Ақтөбе облысы

07:00

04:58

12

Талдықорған аймағы

06:30

04:58

13

Қарағанды облысы

06:30

04:57

14

Ақмола облысы

07:00

04:54

15

Қызылорда облысы

06:00

04:50

16

СҚО

07:00

04:45

17

Павлодар облысы

07:00

04:29

18

Семей өңірі

07:00

04:26

19

ШҚО

07:00

04:18

Ораза айтындағы мұсылманның жасауы тиіс амалдар:

Пітір садақасын беру

Пітір садақасы рамазан айында, яғни рамазан айы басталғаннан бастап айт намазына дейінгі аралықта берілу қажет. Егер пітір садақасын бермегендер болса бірінші кезекте Айт намазына дейін пітір садақасын беруі тиіс. Айт намазынан кейін берілген пітір садақа жәй садақа болып қалады.

Айт намазын оқу

Пайғамбарымыз ﷺ өсиетiнде: «Айт күнi бiрiншi орындайтынымыз – намаз оқу», – делiнген. Айт намазы дiнiмiзде уәжіп амал болғандықтан, Пайғамбарымыз ﷺ өмiрiнде оны бiр рет те қалдырмай оқыған. Ислам кез келген мерекенiң ғибадаттармен өткерiлуiн құптайды. Сондықтан айт мерекесі арнайы ғибадаттармен басталады.
Айт намазы үшін азан айтылып, қамат түсірілмейді. Намазға бет алған кезде бір жолмен барып, екінші жолмен қайту сүннет болып саналады.

Намазға шығар алдында құрма жеп шығу

Сүннет бойынша мұсылман адам намазға шығар алдында құрма дәмінен ауыз тиюі керек. Бұл пайғамбарымыздың ﷺ оразаның аяқталып, айт күндері басталғаны жайында берген белгісі.

Жаңа киім кию, ғұсыл құйыну, әтірлену

Бұл ұлық мерекеде мұсылман адам шамасы келгенше мешітке жаңа киім киіп, әтірленіп барған абзал. Имам Мәлик: «Мен ғалымдардың айт күндерінде жасанудың және хош иістер жағудың абзал екендігі туралы айтатынын естігенмін», – дейтін. Дегенмен, жібек матадан ер азаматтардың бойын аулақ ұстағаны жөн. Себебі, бұл туралы Ибн Омар былай деген: «Бірде Омар бин әл-Хаттаб базардан жібек көйлек сатып алды да, оны Алла Елшісіне ﷺ алып келіп: «Уа, Алланың Елшісі, мынаны айт күндерінде, сондай-ақ сізге елшілер келгенде киіңіз», – деді. Бұған Пайғамбар ﷺ: «Мұндай киімді ақыреттен үлесі болмаған адам ғана киеді», – деп жауап берді».

Ораза және Құрбан айт күндері ораза ұстауға болмайды

Қуаныш пен шаттыққа толы бұл қос мейрамда мұсылмандар ораза ұстамайды. Бұл туралы Абу Са’ид әл-Худри былай деп баяндаған: «Алланың Елшісі ﷺ адамдарға Ораза айт пен Құрбан айттың екі күнінде ораза ұстауға тыйым салатын».

Ораза Айт мерекесі күні сәресіге тұрып, ауыз бекіту қажет пе?

Мұсылмандар арасында Ораза Айт намазына барарда әдеттегідей сәресі ішіп, ауызды бекітіп бару керек деген мәлімет кең тараған. Алайда, Айт күні рамазандағыдай сәресі ішудің қажеті жоқ. Шариғатымызда мұндай міндет жоқ. Тек, айт намазына шығарда тақ санды: 1,3,5,7... құрма жеп шығу Пайғамбарымыздың ﷺ сүннеті болып табылады.

Егер кімде кім сәресі ішкен болса немесе айт намазы алдында тамақтанған болса бұл нәрсеге де тиым салынбаған.

Дереккөз: muftyat.kz