Қазақстан қалаларында террористік қауіптің "сары" деңгейі алып тасталды

0
364

Қауіпсіздік күштері бөлімшелері қалыпты жұмыс режиміне оралып жатыр.


Қазақстан қалаларында террористік қауіптің

ERNUR.KZ. Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетауда терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі аяқталып, террористік қауіптің "сары" деңгейі алынды. Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Шешім ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті мен Қытай Халық Республикасы төрағасының мемлекеттік сапарының аяқталуына байланысты қабылданғаны айтылды.

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүргізу кезінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы ретінде "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 13 және 15-баптары негізінде Астана қаласында 4 шілдеде 23 сағат 59 минуттан бастап терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін жою туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығымен бекітілген "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы халықты хабардар ету және ақпарат мониторингінің мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларына" сәйкес, Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларында 4 шілдеде 23 сағат 59 минуттан бастап террористік қауіпің қалыпты ("сары") деңгейі алып тасталады, деп хабарлады орталық.

Қауіпсіздік күштері бөлімшелері қалыпты жұмыс режиміне оралып жатыр.