​Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар ұйымының тұсаукесері өтті

0
977

Аталмыш шарада ұйымдастырушылар жастар ұйымының негізгі бағыттары мен қызметіне тоқталды.


​Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар ұйымының тұсаукесері өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттық корпусы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, сондай-ақ белсенді жастар өкілдерінің қатысуымен «Ассамблея жастары» республикалық жастар ұйымының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шараға ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі А.Данилов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ю.Ли және тағыда басқалар қатысты.
Аталмыш шарада ұйымдастырушылар жастар ұйымының негізгі бағыттары мен қызметіне тоқталды.
"«Ассамблея жастары» жұмысында жастармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдеріне, олардың өңірлердегі бастамаларына, сондай-ақ жастар қоғамдастығының белсенділігін дамытуға, олардың әлеуетін арттырып, қоғамдық өмірге тартуға ерекше назар аудару керектігін атап өтті", - Марат Әзілханов.
Вице-министр Александр Данилов министрліктің ҚХА жастар ұйымының қызметіне ақпараттық қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол ынтымақтастықтың келешегін көрсету үшін арнайы жиын ұйымдастыруды ұсынды. Сол жиынның қорытындысы бойынша министрлік Ассамблея жастарымен бірлесіп нақты іс-шаралар жоспарын бекітетін болады.