Жарыстың үшінші күні ел спортшылары 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.
фото:Спорт комитеті
Аударыспақтан 100 келі салмақта ел намысын қорғаған әлем чемпионы, осы ойындардың екі дүркін жеңімпазы Ізбасаров Сырым байырғы қырғызстандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, үшінші рет жеңіс тұғырына көтерілді. Аударыспақтың алтын салмағы 90 келіде ел үмітін ақтаған Өткелбай Дарын қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңіп, алтын жүлде иегері атанды. Аса ауыр салмақта жарыс жолына шыққан Еркінұлы Нұржан қола жүлдені қанағат тұтты.
Құсбегіліктен ел құрамасы сапында өнер көрсеткен 9 спортшының төртеуі жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтқанда:
Жанкүйерлердің ерекше ықыласына ие болған арқан тартыстан құрама мүшелері бүгін де алтын жүлде олжалады. Кеше спортшыларымыз "8x8" бағдарламасы бойынша ақтық сында қырғыз елінен басым түсіп, алтын алса, бүгін "4x4" бағдарламасының ақтық сынында ирандық спортшыларды жеңді.
Алдағы күндері спортшыларымыз 21 спорт түрінен жарыс жолына шығады: көкпар, көкбөрі, аламан бәйге, құнан бәйге, жорға, ұшқыр бәйге, дөнен бәйге, қазақ күресі, гюлеш, гуштини милли гамарбанди, хапсағай, овари, мангала, тоғызқұмалақ, ат марафоны, ордо, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, арқан тартыс, стронгмэн, тазы жарысы бойынша жарыстар өтеді.


