Ұлттық құрама балуандары бұл байрақты бәсекеде бір қола медаль жеңіп алды.
Фото: ҚР ҰОК
ERNUR.KZ. Тәжікстанның Душанбе қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі аяқталды, деп жазады inform.kz.
Ұлттық құрама балуандары бұл байрақты бәсекеде бір қола медаль жеңіп алды.
ҚР ҰОК мәліметінше, 60 келіге дейінгі салмақта Нұраділ Әлжан жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Сондай-ақ Асқар Нарқұлов (81 келіге дейін) және Даниил Крылов (90 келіге дейін) қола жүлде үшін өткен белдесуде жеңіліп қалды. Осылайша қос балуан жарысты бесінші орынмен аяқтады.


