Қазақстан Қырғызстанға бір мың тонна бидай жетікізді

0
731

Жаздық бидайдың жоғары сапалы бұл сұрпы – «Қарабалық-20» деп аталады.


Қазақстан Қырғызстанға бір мың тонна бидай жетікізді

ERNUR.KZ. Қазақстан Қырғызстанға бір мың тонна бидай жетікізді. Бұл көрші елдің сұранысы бойынша көрсетілген қайырымдылық көмек. Егін егетін кезде бұл жергілікті шарулар үшін жақсы сый болды, деп жазады 24.kz.

Мемлекеттік материалдық қор қоймасының қақпасы таңнан бері ашық. Шу облысы фермерлерінің жүк көліктері қазақстандық бидайға кезекте тұр. Астық өңірлердегі қоймаларға жеткізіліп, елдің бүкіл шаруашылықтарына үлестіріледі.

"Бұл дәндер суарылмайтын қырлық егістерге арналған. Сондықтан бидайдың осы сұрпын таңдадық, ол Қырғызстанды астықпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге көмектеседі", - дейді Қырғызстан ауылшаруашылық министрі Асқарбек Джаныбеков.

Жаздық бидайдың жоғары сапалы бұл сұрпы – «Қарабалық-20» деп аталады. Көп күтімді қажет етпей, мол өнім береді. Құрғақшылыққа төзімді. Сондықтан суға тапшы Қырғызстан үшін бұл жақсы таңдау.

"Осы сұрыптың дән желімшесі 25 процентке дейін жетеді. Бидайдың осындай бағалы сұрпын шығарған қазақстандықтарға рахмет. Бұл жолы біз оны тек ұн тарту үшін ғана екпейміз. Алдымен бидайды байытып, осындай құнды дән қоры болуы үшін сосын оны шаруаларға үлестіреміз", - дейді фермер Дыйканбай Абдиев.

Бішкектегі қоймаларға жаздық бидайдың 184 тоннасы, Шу облысына 68 тонна, Ыстықкөл облысына 408 тонна, Қарасуға 272 тонна және Жалал-Абад облысына 68 тонна жеткізілді. Бәрін қосқанда бір мың тонна шығады.

"Президентіміздің шешімімен 2020 жылы қайырымдылық көмек ретінде жоғары сұрыптағы ұнның 5 мың тоннасын жеткіздік. 2021 жылы 10 мың тонна әкелінді. Мұның бәрін жергілікті халық жылы қабылдады",- дейді Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рәпіл Жошыбаев.

Жоғары сапалы дәндермен қамтамасыз ету туралы келісім 2021 жылы қос ел президенттерінің кездесуі барысында жасалды. Басты мақсаты – азық-түлікпен қамтамасыз ету және жергілікті жағдайда өсірілетін бидайдың өнімділігін арттыру болып тұр.